STEPPENEWS.KZ: Отандық FlyArystan әуе компаниясы жолаушылар үшін жағымды жаңалықты жариялады. 2026 жылдың 1 наурызынан бастап ұшақ салонына тегін алып өтуге болатын қол жүгінің салмағы 5 келіден 7 келіге дейін ұлғайтылады. Бұл өзгеріс жолаушылардың жайлылығын арттырып, қысқа мерзімді сапарларға қажетті заттарды көбірек алуға мүмкіндік береді.
Айта кетерлігі, қол жүгінің салмағы артқанымен, оның рұқсат етілген көлемі (56×23×36 см) бұрынғы қалпында қалады. Әр жолаушыға тек бір сумка немесе сөмке алып өтуге рұқсат етіледі. Бұл ереже әуе кемесінің ішіндегі орынды тиімді пайдалану мен қауіпсіздік талаптарын сақтау мақсатында сақталып отыр.

