STEPPENEWS.KZ: Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі «Спорт» сериясы аясында «OLYMPIC GAMES 2026. SHORT TRACK» атты жаңа естелік монетаны айналымға шығаруды жоспарлап отыр.
Номиналы 1000 теңге болатын монета 925 сынамалы күмістен дайындалған. Оны соғу барысында түсті басып шығару технологиясы қолданылып, proof сапасында жасалған. Монетаның салмағы — 20 грамм, диаметрі — 37 мм. Жалпы таралымы 2000 данамен шектеледі.

