STEPPENEWS.KZ: Жетісу облысында өз баласын аяусыз сабаған 28 жастағы әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалып, ол тергеу изоляторына қамалды деп хабарлайды Steppenews.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме беріп.
Әлеуметтік желіде тараған резонансты бейнежазбадан кейін полиция департаменті күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі бойынша іс қозғады.
Оқиға Панфилов ауданына қарасты Нұркент ауылындағы көпқабатты үйлердің бірінде орын алған. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. Күдіктінің іс-әрекетіне толық құқықтық баға беру үшін бірқатар сараптамалар, соның ішінде сот-психиатриялық сараптама тағайындалды.
Айта кетейік, аталған бап бойынша кінәлі деп танылған жағдайда әйел 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Процессуалдық шешім барлық сараптама қорытындылары дайын болғаннан кейін қабылданады.

