STEPPENEWS.KZ: 27 қаңтар — бүкіл әлемде Холокост құрбандарын еске алу күні ретінде аталып өтеді. Бұл атаулы күн 2005 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының шешімімен бекітілген.
Дәл осы күні, 1945 жылы, кеңес әскерлері нацистік Освенцим концлагерін азат етті. Бұл лагерь Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы адамзат тарихындағы ең ауыр қасіреттердің бірі ретінде белгілі.
Атаулы күн миллиондаған жазықсыз жандардың тағдырын еске салып, тарихи жадыны сақтау, адам өмірінің қадірін құрметтеу және мұндай қасіреттің қайта қайталануына жол бермеудің маңызын айқындайды.
Бұл күні көптеген елде еске алу рәсімдері, ағартушылық іс-шаралар мен бір минут үнсіздік жарияланып, бейбітшілік, төзімділік және өзара сыйластық құндылықтарын нығайтуға бағытталған бастамалар жүзеге асырылады.

