STEPPENEWS.KZ: Алматы қаласының алты спортшысы Милан–Кортина-2026 қысқы Олимпиада ойындарында қала намысын қорғайды. Алматылық спортшылар төрт қысқы спорт түрі бойынша 12 олимпиадалық лицензия жеңіп алды. Бұл туралы Алматы қаласының Спорт басқармасының өкілдері мәлімдеді.
Милан–Кортина-2026 Олимпиадасында Алматы атынан өнер көрсететін спортшылар тізімі төмендегідей:
– Михаил Шайдоров — мәнерлеп сырғанау;
– Евгений Кошкин — конькимен жүгіру спорты;
– Александра Скороходова, Ростислав Хохлов — тау шаңғысы спорты;
– Илья Мизерных, Данил Васильев — шаңғымен тұғырдан секіру (үш дисциплина бойынша).
Алматылық спортшылар Қазақстан Республикасы мен Алматы қаласының атынан әлемдегі ең ірі халықаралық спорттық жарыстардың біріне қатысып, отандық қысқы спорт мектептерінің жоғары деңгейі мен бәсекеге қабілеттілігін паш етеді.
Алматы спортшыларының Олимпиада ойындарына жолдама алуы — қалада жоғары жетістіктер спортын дамыту және болашағы зор спортшыларды қолдау бағытында жергілікті атқарушы органдар жүргізіп отырған жүйелі жұмыстың нәтижесі.

