STEPPENEWS.KZ: Бішкекте алаяқтық жасады деген күдікпен әйел адам ұсталды. Бұл туралы қаланың «Октябрь аудандық ішкі істер басқармасы ақпар берді» деп хабарлайды SteppeNews.kz Kaktus.media басылымына сілтеме жасап.
Нақтырақ айтқанда, 14 қаңтар күні Октябрь аудандық ІІБ-ға М.Н. есімді азаматша арызданған. Оның айтуынша, белгісіз адамдар Instagram қосымшасы арқылы байланысқа шығып, өздерін «көріпкел» ретінде таныстырып, сеніміне кірген. Олар жәбірленушіге «жол ашып беремін» деп уәде беріп, 523 366 сом көлеміндегі ақшаны аударым арқылы алған.
Алайда ақша қолға тигеннен кейін күдіктілер жәбірленушіні әлеуметтік желідегі парақшасында бұғаттап, байланысқа шықпай қойған.
Аталған дерек бойынша полиция «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Көп ұзамай 1993 жылы туған Б.Е. есімді күдікті ұсталып, Бішкек қалалық ІІБ-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тінту барысында күдіктіден айғақ заттар табылған: ұялы телефондар, банк карталары, жарнамалық парақ және визиткалар. Онда ақша аударылған абоненттік нөмір көрсетілген. Барлық заттай дәлелдер іс материалдарына тіркелді.
Сондай-ақ Бішкек полициясы күдіктілерден зардап шеккен азаматтарды немесе қандай да бір ақпаратқа ие адамдарды келесі нөмірлерге хабарласуға шақырды: 0700 21 00 24, 0551 90 00 59, 102.

