STEPPENEWS.KZ: Апат салдарынан пойыз машинисі қаза болды, кемінде 37 адам жарақат алған. BBC мәліметінше, сейсенбі кешке Rodalies компаниясының пойызы Каталониядағы Желида мен Сан-Садурни елді мекендерінің арасында, Барселонадан шамамен 35 шақырым батыста, теміржол бойына құлаған тіреу қабырғасына соғылған.
Оқиға орнына 35 өрт сөндіру бригадасы жіберілді. Бір жолаушы вагонда қысылып қалып, құтқарушылардың көмегімен сыртқа шығарылды. Кейінірек құтқару қызметі пойызда адам қалмағанын хабарлап, аумақты тексеру жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді.
Зардап шеккендер ауруханаларға жеткізілді. Апат Испанияның солтүстік-шығысын шарпыған күшті дауылдар кезінде болған.

