STEPPENEWS.KZ: Шымкентте Нұрай есімді бойжеткеннің кісі қолынан қаза болуы бүкіл елді дүрліктірді. Бұл оқиға бойынша Ұлттық Құрылтайға 130-дан астам өтініш келіп түскен.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев аталған жағдайға байланысты құқық қорғау органдарының әрекетіне құқықтық баға беруді тапсырды.
«Шымкентте Нұрай есімді бойжеткеннің кісі қолынан қаза болуы бүкіл елді дүрліктірді. Ұлттық Құрылтайға осы оқиға бойынша 130- дан астам өтініш келіп түсті. Күдіктінің Нұрайды аңдып, маза бермей қоқан лоққы көсеткені анықталып отыр. Ақыры мұның арты адам өліміне әкеп соқтырды. Осыған байланысты ІІМ- не Шымкент қалалық департаментінің әрекетіне құқықтық баға беруді тапсырдым. Қыз алып қашу, адам ұрлау деген сөз бұл ұлтымыздың беделіне келтіретін өрескел, жабайы қылмыс. Ондай қатыгездікке ешқашан жол беруге болмайды», – деді Президент.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы қыз алып қашу әрекеттеріне қатаң баға берді.
«Қыз алып қашу – адам ұрлау деген сөз, бұл – ұлтымыздың беделіне нұқсан келтіретін өрескел, жабайы қылмыс».
Президент бұл істің жан-жақты және әділ тергелуі қажет екенін атап өтіп, Ішкі істер министрлігіне Шымкент қалалық полиция департаментінің әрекетін мұқият тексеруді тапсырды.

