STEPPENEWS.KZ: Бүгін өткен Ұлттық Құрылтай отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі жаңа парламенттің атауы “Құрылтай” болатынын мәлімдеді. Алдын ала мәліметке сәйкес, заң шығарушы органдағы депутаттық мандат саны 145-ке дейін жетуі мүмкін. Депутаттар бірыңғай сайлау тәртібі бойынша таңдалып, өкілеттік мерзімі 5 жылды құрайды.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы 2025 жылғы Жолдауында Қазақстанның басқару жүйесі бір палаталы парламент форматына көшетінін жариялаған еді.

