Қаржы

Павлодарда ірі кәсіпорын 640 млн теңге салық төлемеген

Павлодар облысының прокуратурасы жүргізген тексеріспен Екібастұз 2-МАЭС бюджетке 640 млн теңгеден астам салықты төлеу жөніндегі міндеттерін орындамау фактісі анықталды, деп хабарлады Steppenews тілшісі.

Қадағалау актісі бойынша салық төлеушіге қатысты тиісті өндіру шаралары қабылданып, нәтижесінде 2-МАЭС жоғарыда көрсетілген КТС сомасын бюджетке төледі.

Қазір осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

 

Добавить комментарий