STEPPENEWS.KZ: Испандық Viajar журналының рейтингінде Алматы әлемдегі ерекше тау қалаларының топ-5 қатарына енді. Рейтинг бойынша Алматы 5 елдің ішінде екінші орын алды, оларды қысқы және активті туризм орталығы ретінде мойындаған.
Авторлар әсіресе Шымбұлақ курортына назар аударған, онда 3 000 метрден жоғары биіктікке көтерілетін шың бар, сондай-ақ әлемдегі ең биік ашық мұз айдыны орналасқан Медеу тау кешені ерекше атап өтілген.
Сонымен қатар мақалада қаланың аспалы жолдары, Іле Алатауының табиғаты, мәдени және гастрономиялық өмірінің байлығы да көрсетілген.

