STEPPENEWS.KZ: Астана қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметіне арналған воркшоп ұйымдастырылды. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі өткізді.

Воркшоп «YouTube, Facebook және Instagram желілерінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып контент дайындау және тарату» тақырыбына арналды.
Іс-шараға офлайн және онлайн форматта 100-ге жуық адам қатысты. Жиын барысында сарапшылар жасанды интеллектінің қарқынды дамуына байланысты цифрлық ортадағы жаңа қатерлерге тоқталды.

Сонымен қатар бейнемонтаж, дизайн және визуалды сторителлинг бағыттарында AI қолданудың практикалық кейстері ұсынылды. Іс-шара қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

