STEPPENEWS.KZ: Шанхай қаласындағы орындаушылық өнер орталығында 2026 Tmall NEWTY Festival Offline Events фестивалінің салтанатты рәсімі өтті. Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген фестивальдің ашылуында да, жабылуында да өнер көрсетіп, кештің басты жұлдызы болды.
Әнші фестиваль шымылдығын өзінің «Fire» атты авторлық әнінің жаңа аранжировкадағы нұсқасымен ашты. Сондай-ақ ол осыдан он жылға жуық уақыт бұрын Қытайдағы Singer музыкалық жобасында зор табысқа жеткен, әлемге кеңінен танымал «All By Myself» әнін орындады. Ал салтанатты кештің жабылуында Димаш «Олимпико» кантатасын шырқады.
Tmall — Қытайдағы ең ірі онлайн-маркетплейстердің бірі. Платформа танымал брендтер мен ресми дилерлердің түпнұсқа өнімдерін сатуға маманданған.
Ал Tmall NEWTY Festival шарасы брендтік жаңалықтар әлеміндегі ең беделді оқиғалардың бірі саналып, көпшілік арасында «брендтерге арналған Оскар» деген атауға ие.

