STEPPENEWS.KZ: The Athletic мәліметінше, FIFA 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының билеттеріне 500 миллионнан астам өтінім түскенін жариялады. Өтінім қабылдау кезеңі бір айға созылған.
FIFA 104 матчтың әрқайсысы бойынша жеребе тарту рәсімін өткізеді. Ақпан айында іріктелген қатысушыларға билеттер таратылады. Бұл шешім былтыр қазан–қараша айларында шамамен 2 миллион билет сатылып, турнирге 4–5 миллион билет қалғаннан кейін қабылданған.
Топтық кезеңнен бастап финалға дейінгі барлық ойындардың билеттері алдыңғы әлем чемпионаттарымен салыстырғанда бірнеше есе қымбат болады. Бұл Солтүстік Америкадағы және шетелдегі кейбір жанкүйерлердің турнирді стадионда емес, теледидар арқылы тамашалауына әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар, 500 миллионнан астам өтінімнің ішінде билетті ертерек сатып алып, оны қайта сатуды көздейтіндер де болуы ықтимал.
FIFA жеребе нәтижелері туралы жанкүйерлерді 5 ақпаннан бастап хабардар етеді. Ал әлем чемпионаты 11 маусымда Мехико қаласында басталып, қалған 104 матч АҚШ, Канада және Мексиканың 16 қаласында өтеді.

