STEPPENEWS.KZ: Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстанның Женева қаласындағы БҰҰ бөлімшесі мен өзге де халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі Ержан Хозеұлы Қазыхан Қазақстан Республикасының Президентінің Америка Құрама Штаттарымен келіссөздер жүргізу жөніндегі өкілі болып тағайындалды.
Ол екі ел арасындағы ынтымақтастықтың өзекті бағыттарына қатысты мәселелерді үйлестірумен айналысады.
Бұл туралы 2026 жылғы 13 қаңтарда жарияланған Ақорданың баспасөз қызметінің хабарламасында айтылған.

