STEPPENEWS.KZ: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұсылман мейрамдарының күнтізбесін бекітті.
Бекітілген кестеге сәйкес, Қадір түні 16-нан 17 наурызға қараған түні өтеді. Ораза айт 20 наурызға белгіленген. Ал Құрбан айт мерекесі 27–29 мамыр аралығында тойланады.
ҚМДБ өкілдері мейрам күндері астрономиялық есептеулерге негізделіп белгіленгенін, алайда айдың көрінуіне байланысты бір күнге өзгеруі мүмкін екенін атап өтті.

