STEPPENEWS.KZ: Алматы әуежайы қала үстіндегі әуе кеңістігінің жабылғаны және әскери жағдай енгізілгені туралы тараған қауесеттерді жоққа шығарды.

12 қаңтарға қараған түні әлеуметтік желілерде әуе рейстерінің кешігуіне байланысты Алматы аспаны жабылды деген ақпарат тарады. Сондай-ақ Threads желісінде ұшақтың «әскери әрекеттерге» байланысты әуеде кері бұрылғаны жөнінде жазба жарияланған.
Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі қала үстіндегі әуе кеңістігі жабылмағанын, әуежайдың қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғанын мәлімдеді.
Әскери жағдайдың енгізілгені немесе әскери құрылымдардың қандай да бір әрекетке барғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

