STEPPENEWS.KZ: 11 қаңтар күні кешке Толеметов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үй маңынан пышақ жарақаттары бар жас қыздың мәйіті табылды.
Полицияның мәліметінше, күдіктінің жеке басы анықталған, ол марқұммен таныс болған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі таңда күдіктіні ұстау және оны қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында барлық қажетті жедел-іздестіру шаралары жүзеге асырылуда.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жарияланбайды.
Полиция азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге және расталмаған деректерді таратпауға үндеді.
