STEPPENEWS.KZ: Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы Жангелдин ауылында бұған дейін шаруашылық құрылысынан мәйіттері табылған ерлі-зайыптыны соңғы сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Бұл туралы STEPPENEWS.KZ «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап хабарлады.
Аудан әкімдігінің мәліметінше жерлеу рәсімін ұйымдастыру жұмыстарын қаза тапқандардың туыстары өздері атқарған. Марқұмдармен қоштасуға туыстары, көршілері мен ауыл тұрғындары жиналған.

