STEPPENEWS.KZ: 2026 жылғы 8 қаңтарда Сеул — Астана бағыты бойынша KC210 рейсін орындаған Air Astana әуе компаниясының ұшағы Қытайдың Бейжің әуежайына қонуға мәжбүрлі болды.
Әуе компаниясының хабарлауынша, техникалық ақаудың кесірнен амалсыздан қонуға тура келген. Атап айтқанда, ұшақ бортындағы барлық дәретхана бөлмелері істен шыққан.
— Әуе кемесі жергілікті уақыт бойынша сағат 09:25-те ұшып шығып, 11:50-де сәтті қонды. Қазіргі уақытта ақауды жою үшін қосалқы бөлшек жеткізілуде. Осыған байланысты рейстің ұшуы жергілікті уақыт бойынша сағат 01:00-ге ауыстырылды, — деп хабарлады Air Astana баспасөз қызметі.
Жолаушыларға рейстің кешіктірілгені туралы алдын ала хабардар етілді.

