STEPPENEWS.KZ: Жаңа 2026 жылға қараған түні және таңғы уақытта Алматы қаласындағы перзентханаларда 21 нәресте өмірге келді.
Жедел мәліметтерге сәйкес, 1 қаңтар күні сағат 00:00-ден 07:00-ге дейін 9 ұл мен 12 қыз туған.
Әрбір босану процесі білікті медицина мамандарының тұрақты бақылауында өтті. Ана мен сәбиге қажетті медициналық көмек дер кезінде көрсетіліп, жаңа туған нәрестелердің жағдайы тұрақты деп бағалануда.
Жылдың алғашқы сәбилерінің дүниеге келуі — жаңа бастаманың, үміт пен өмір сабақтастығының символы. Ал медицина қызметкерлері үшін бұл — мереке күндерінде де тынымсыз, жоғары жауапкершілікті талап ететін еңбектің көрінісі.
Қазіргі таңда қаладағы перзентханалар қалыпты режимде жұмыс істеп, ана мен балаға сапалы әрі қауіпсіз медициналық қызмет көрсетуді жалғастырып отыр.

