STEPPENEWS.KZ: ММА өкілі әрі актер Еркебұлан Тоқтар Ташкентте өткен жекпе-жекте өзбекстандық файтер Тимур Никулинді айқын басымдықпен жеңді. Кездесу ұзаққа созылған жоқ. Қазақстандық спортшы айқастың алғашқы минутында-ақ қарсыласын нокаутқа жіберіп, жеңісті мерзімінен бұрын тіркеді.
Аталған жекпе-жек Еркебұлан Тоқтардың кәсіпқой бокстағы екінші кездесуі ретінде тарихқа енді.
Айта кету керек, спортшы 2025 жылы OCTAGON лигасында жоғары деңгейдегі нәтижелер көрсетіп жүр. Ол ұйым аясында өткізген барлық айқастарын нокаутпен аяқтаған. Ақпан айында тәжікстандық Камариддин Хасановты (Камил Карате) төртінші раундта жеңіп, BMF белбеуін иеленсе, тамызда ирандық Фарзад Гадериді екінші раундта ұрып түсіріп, өзінің мықты формада екенін тағы бір дәлелдеді.

