STEPPENEWS.KZ: Сарыағаш ауданында екі жасөспірім отшашуды ересектердің бақылауынсыз қолданған.
Нәтижесінде олар әртүрлі дәрежеде жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда балалардың өміріне қауіп жоқ, оларға қажетті медициналық көмек көрсетілуде.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне аса көңіл бөлуге шақырады.
