STEPPENEWS.KZ: Қазақша сөйлеуден бас тартқан мейрамхана әкімшісіне айыппұл салындыҚазақ тілінде қызмет көрсетуден бас тарту фактісімен байланысты жанжал сотта қаралып, тараптарға әкімшілік жаза қолданылды.
Полицияның мәліметінше, оқиға барысында эмоцияға берілген екі тарап арасында жанжал туындап, нәтижесінде бір-біріне жеңіл күш қолдану дерегі тіркелген. Оқиға орнында құқық қорғау органдары тексеру жүргізіп, материалдар сотқа жолданған.
Сот шешімімен жанжалға қатысқан тараптардың әрқайсысы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 20 айлық есептік көрсеткіш (78 640 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, тұтынушыларға қызмет көрсету саласында мемлекеттік тілде қызмет көрсету — міндет. Бұл оқиға қоғамда мемлекеттік тілдің мәртебесі мен тұтынушы құқықтарының сақталуы мәселесіне қайтадан назар аудартты.

