STEPPENEWS.KZ: Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдер басшыларының бейресми кездесуіне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар Ресей Президенті Владимир Путин, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.
Кездесу барысында ТМД аясындағы өзара ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен оны одан әрі дамытуға қатысты нақты қадамдар талқыланды.
Сонымен қатар ұйым шеңберіндегі ықпалдастықтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасу өтті.

