STEPPENEWS.KZ: Әлеуметтік желіде әке мен қыздың бірге бешбармақ дайындап жатқан видеосы кеңінен таралып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Видеода отбасы мүшелері қазақтың ұлттық тағамын әзірлей отырып, бір-бірімен таза қазақ тілінде сөйлеседі.
Көптің пайымдауынша отбасы сырт келбеті бойынша орыс ұлтына ұқсайды. Алайда олардың қазақ тілінде еркін сөйлеп, ұлттық асқа деген құрметі көпшілікті таңғалдырған.
Көрермендер видеодан шынайылық пен жылы отбасылық атмосфераны байқағанын жазып, жағымды пікірлер қалдырған. Көпшілік бұл көріністі Қазақстандағы түрлі этностардың мәдениетке деген сыйластығының жарқын үлгісі деп бағалауда.
“Біздің шала қазекелерге қарағанда осы кісілердің қазақшылығы көптеу ау”
Күшті! Әкеңіз бешбармақты дәмді пісіреді, қазақ тілінде де таза сөйлейді. Мықтысыздар!
Сонымен қатар, бейнежазбадағы ару өзін “Нинагүл” деп атайтынын байқауға болады. Ол қыздың киіміндегі «qazaqsha soileu modada» деген жазу да желі қолданушыларының назарын аударды. Бұл жазу қазақ тілінде сөйлеудің сәнге айналып келе жатқанын айқын көрсететін символ ретінде қабылданды.
