Актөбе облысында Темір қаласының әкімінің денесі табылды деп хабарлайды STEPPENEWS.KZ Tengrinews.kz сілтеме беріп.
Бұған дейін бірқатар БАҚ Темір қаласының әкімі Еркін Далмагамбетовтің өз үйінің ауласынан мерт күйінде табылғанын хабарлаған. Қайғылы оқиға 20 желтоқсан күні кешкі уақытта болған. Аталған ақпаратты Ақтөбе облыстық полиция департаменті растады. Оқиға бойынша тергеу жұмыстары басталды.
«Полиция суицид дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді», — деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаменті.
Еске салсақ Темір қаласы әкімдігінің ресми сайтында қала әкімі ретінде Еркін Далмагамбетов көрсетілген.
Ресми деректерге сәйкес, Темір қаласының әкімі Еркін Далмагамбетов 2024 жылғы маусым айында тағайындалған.
Әкім қызметіне дейін ол әртүрлі ЖШС-ларда басшы орынбасары ретінде қызмет атқарған, сондай-ақ жеке компаниялардың бірін жеке басқарып келген.
Далмагамбетов еңбек жолын 2001 жылы Ақтөбе облысының жер ресурстарын басқару комитетінде жетекші маман ретінде бастаған.
2004 жылдан 2006 жылға дейін Қарғалы ауданының жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы қызметін атқарған.
2006 жылдан 2009 жылға дейін Ақтөбе облысы жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы болған.

