STEPPENEWS.KZ: 2026 жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері 62 771 теңгеден 69 049 теңгеге дейін көтеріледі, яғни өсім – 6 278 теңге. Сол сияқты базалық зейнетақы 32 360 теңгеден 35 596 теңгеге дейін артады (өсім – 3 236 теңге).
Қазақстандағы зейнетақы үш бөліктен тұрады:
- Ынтымақты зейнетақы – 1998 жылға дейін еңбек етіп, бұрынғы жүйеге жарна аударған азаматтарға төленеді;
- Базалық зейнетақы – барлық зейнеткерлерге мемлекеттік төлем;
- Жинақтаушы зейнетақы – Бірыңғай жинақтаушы қордағы жеке шотқа аударылған қаражат.
Индексациядан кейін 2026 жылы ең төменгі зейнетақы 104 645 теңге, ең жоғарысы 238 412 теңге болады. Орташа зейнетақы – 103 687 теңге, ал орташа базалық төлем – 54 082 теңге.
2025 жылғы 1 қарашадағы мәлімет бойынша, елімізде зейнеткерлер саны – 2 млн 516 мың адам.

