STEPPENEWS.KZ: Ауа райының қолайсыз болуына байланысты Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Абай мен Ұлытау облыстарында жаңбыр аралас қар және қар жаууы ықтимал.
Осыған байланысты аталған өңірлердегі автожолдарда қозғалыс қиындауы мүмкін.
Жүргізушілерге кеңес:
-
жылдамдық режимін сақтау;
-
көлік арасындағы қашықтықты ұлғайту;
-
жол жағдайын мұқият бақылау;
-
қауіпсіздік талаптарын қатаң ұстану.
Осыған байланысты жүргізушілерге жол жабынының сырғанақ болуымен қатар, көрінудің нашарлауы мүмкін екенін ескеруге кеңес беріледі, — делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.
Қосымша ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 бірыңғай байланыс орталығынан алуға болады.

