STEPPENEWS.KZ: Қостанай қаласында Қобыланды батыр даңғылы бойындағы бес қабатты тұрғын үйдің 4-қабатында өрт шықты.
Оқиға туралы хабар 112 пультіне түскеннен кейін, ТЖМ бөлімшелері мен полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына жетті. Құтқарушылардың әрекеті нәтижесінде 15 адам, оның ішінде 4 бала қауіпсіз жерге шығарылды. Тағы 26 тұрғын эвакуацияланған.
Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. ТЖМ өкілдері тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау және эвакуациялау кезінде абай болуға шақырды.

