STEPPENEWS.KZ: Қазақстандағы кейбір компаниялар жоғары бағаға байланысты жаңа жылдық кештерді өткізуден бас тартып жатыр. Бір қызметкерге арналған шығын кейде 50 мың теңге ге дейін жетеді.
Биылғы жылы шығындардың өсуіне байланысты кейбір жұмыс берушілер корпоративтерді мүлде өткізбеуді таңдаса, көпшілігі дәстүрлі мерекеден бас тартқысы келмейді. Дегенмен ұйымдастырушылардың айтуынша, бюджеттің көлемі бұрынғыдай емес.
Негізгі пакетке ыстық тағамдар, салаттар, сусындар, кеш жүргізушісі мен диджей қызметтері, фото- және видео, шоу бағдарламалар кіреді. Баға әр өңірге қарай өзгереді: жұмыс күндері орташа 23 мың теңге, демалыс күндері – 25 мың теңге. Ал Алматыда баға 30-50 мың теңге аралығында, премиум ұсыныстар 100 мыңнан асады. Астанада бағалар 20-70 мың теңге аралығында, ал Семей мен Ақтөбеде ең қолжетімді нұсқалар 10 мың теңгеден басталады.
Экономистер бағаның айырмашылығын сұраныс деңгейімен және маусымдық фактормен байланыстырады.
Бағаның өсуі инфляциямен емес, желтоқсан айындағы сұраныстың артуымен, сондай-ақ жүргізушілер мен қызмет көрсету жұмысшылары үшін бәсекенің күшеюімен түсіндіріледі. Көптеген компаниялар алкоголь мен кәсіби жүргізушіге үнемдемегенімен, қосымша шоу-бағдарламалардан бас тартуы мүмкін.
Сарапшылардың болжамынша, келер жылы жаңа жылдық кештердің құны кемінде 10%-ға қымбаттайды.

