STEPPENEWS.KZ: Алматы қаласы Қазақ мемлекеттік циркінің жас әртісі жастағы Әли Салаватов Ресейдің Тула қаласында өткен «На языке мира» V Халықаралық балалар мен жастар цирк өнері фестивалінде қола медаль жеңіп алды.
Халықаралық деңгейдегі бұл фестиваль жас цирк өнерпаздары үшін тәжірибе алмасып, шеберлігін шыңдайтын беделді алаң саналады. Биылғы байқауға жонглерлік, акробатика, эквилибристика, клоунада секілді түрлі жанрда өнер көрсеткен әлемнің бірнеше елінен 200-ден астам жас қатысушы жиналды.

Қазақстандық жас өнерпаз манежде «Еденге соқпалы доптармен жонглерлік өнер» атты нөмірін ұсынып, орындау дәлдігімен, техникалық шеберлігімен және сахнадағы жарқын харизмасымен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Қатысушылар арасындағы жоғары бәсеке бұл жетістіктің маңызын арттыра түсті.
Сондай-ақ, чемпион 16 жаста. Ж.Елебеков атындағы РЭЦК студенті. Жүлдеге ие болған соң Әли Салаватов алған әсерімен бөлісіп, бұл табыс оның шығармашылық жолындағы маңызды белес екенін атап өтті.
«Мен үшін бұл жеңіс – жаңа мүмкіндіктерге жол ашқан ерекше сәт. Қолдаған ұстаздарыма, ұйымдастырушыларға және жанкүйерлерге шын жүректен алғыс айтамын. Алдағы уақытта бұдан да биік асуларды бағындыруға ұмтыламын», — деді жас әртіс.

