STEPPENEWS.KZ: Шығыс Қазақстан облысында агроөнеркәсіп кешені саласындағы ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Алтай ауданының Полянское ауылында 1 075 бас сауын сиырға арналған заманауи сүт-тауарлы ферма пайдалануға берілді.
Жоба «Мойылды-Байқоңыр» серіктестігі тарапынан агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық жобаларды қаржыландыру бағдарламасы аясында іске асырылған. Инвестициялық қаражат өндірістік нысандардың құрылысына, асыл тұқымды ірі қара мал алуға, ауыл шаруашылығы техникасы мен заманауи технологиялық жабдықтарын сатып алуға, сондай-ақ жұмсалды. Сондай-ақ, жоба толық азық-түлік базамен қамтамасыз етілген. Шаруашылықтың иелігінде 2 323 гектар егістік жер бар.
Қазір құрылыс жұмыстары толық аяқталып, нысан ресми түрде пайдалануға берілді. Жақын күндері асыл тұқымды малдың келесі легін жеткізу жоспарланған. Алғашқы сүт өнімін жаңа жылға дейін алу көзделіп отыр.

