2025 жылдың басынан бері 11 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды.
Еңбек министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Қазақстанға келген қандастардың 45,7% Өзбекстаннан, 42,1% – Қытайдан, 4,5% – Түрікменстаннан, 2,6% – Ресейден, 2,6% – Монғолиядан және 2,5% басқа елдерден екен.
«Осы көшіп келген қандастардың арасында еңбекке қабілетті жастардың үлесі 58,4%, балалардың үлесі 32,8%, зейнеткерлердің үлесі 8,8%. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 15,3% жоғары білімді, 28,4% орта кәсіби білімді, 50,6% жалпы орта білімді және 5,7% білім жоқ азаматтар», — деп хабарлайды Еңбек министрлігі.
Қандастардың көбі еңбек күші тапшы Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарына қоныстанған.
