Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы бүгін таңертең Ақтөбе облысындағы жол апатынан жараланғандардың жағдайы туралы ақпарат берді.
«Ауруханаға түскен бес адамның үшеуінің жағдайы – ауыр, екеуі – орташа. Бір адам ауруханаға жатудан бас тартты. Жарақат алғандар Хромтау аудандық ауруханасында жатыр», — деп хабарлайды облыстың денсаулық сақтау басқармасы.
Дереккөзге сүйенсек, оқиға орнына облыс әкімі Асхат Шахаров аттанған.