Ішкі істер министрі Ақтөбе облысындағы жол апатын тергеу үшін Астанадан Ақтөбе облысына арнайы топ жіберді.
Министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, тергеушілер арнайы бортпен ұшып кеткен.
«Ақтөбе облысындағы жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайын анықтап, тергеу жүргізу үшін ІІМ орталық аппаратының арнайы тобы әуе бортымен облысқа жөнелді», — деп хабарлайды ІІМ.
Министр тергеуді жеке бақылауына алған.
«Министрдің тапсырмасы бойынша жол апатынан қаза тапқан азаматтардың туыстарына жан-жақты көмек көрсетеміз. Соның ішінде мәйіттерді тасымалдау және жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға да қолдау көрсетеміз. Жедел тергеу жүргізу және барлық қажетті шараларды орындау үшін тиісті шаралар қабылданады», — деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.