Атырауда СЭС қызметкерлері қоқысқа толы пәтерде тұрып жатқан отбасын тауып алды. Желіде адам түршігерлік кадрлар жария болды.
Привокзальный ықшам ауданындағы үйдің тұрғындары бірнеше рет сасық иіс пен антисанитариялық жағдайға шағымданған. Лас пәтерді көруге келген мамандар қатты таңғалып, эмоциясын жасыра алмады. Қабырғасы көгерген, кіре берістен бастап қалдықтарға бөккен үйде кішкентай баланың да бары анықталды.
Полиция отбасын алып шықты, баланы әлеуметтік қызметтердің қарауына берді. Мамандардың айтуынша, үй иесі «Плюшкин синдромына» шалдыққан болуы мүмкін.
Редакция полицияға сұрау жолдады.