Жұмыс таңдау кезінде жұмыссыз қалу ықтималы бар. Жасанды интеллект дамыған сайын кейбір мамандықтар қажеттілігін жоғалтуы мүмкін.
Microsoft компаниясының зерттеулеріне сәйкес, ең үлкен қауіп гуманитарлық салада байқалады. Қазірдің өзінде нейрожелі аудармашылар, тарихшылар және жазушылардың міндеттерін орындай алады.
«Мәселен, аудармашылардың жұмысының 98 пайызы, тарихшылар, математиктер мен редакторлардың 90 пайыздан астам жұмысын жасанды интеллект істей алады», — деп хабарлады телеарна.
Стюардессалар мен кондукторлардың жұмысында да, дауыстық нұсқаулардан бастап жолаушыларға жеке қызмет көрсетуге дейінгі функциялар автоматтандырылады.
Алмастыру қаупі жоғары кәсіптер қатарына сауда өкілдері де енеді. Ал, жасанды зерде алмастыру қаупі төмен жұмыс топтарына денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, құрылыс және тау-кен өнеркәсібі сияқты мамандықтар кіреді.
Айта кетері, Қазақстанда ChatGPT платформасының нарықтағы үлесі – 94 пайызға жуық. Екінші орында Perplexity, ал үздік үштікті Gemini түйіндейді.
