Келесі аптада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Финляндия президенті келеді.
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
«28-29 қазан күндері Қазақстан Президентінің шақыруымен Астанаға Финляндия Президенті Александр Стубб ресми сапармен келеді», — деп жазған Ақорда.
Сапар аясында мемлекет басшылары келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасын, сондай-ақ жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды.