«Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде өз алаңында Кипрдің «Пафос» клубымен тең ойнады.
90 минутқа созылған матчта қос команда да есеп аша алмады. «Пафос» 10 футболшымен ойнады. Матчтың алтыншы минутында «Пафос» ойыншысы қызыл қағаз алып, алаңнан қуылған болатын.
Топтық кезеңнің үшінші турындағы матч Алматыдағы Орталық стадионда өтті. Ойын Астана уақытымен 21:45-те басталды. Кездесуді республикалық «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетті.
Бұған дейінгі турларда «Қайрат» «Спортингке» 1:4 есебімен, ал «Реалға» 0:5 есебімен есе жіберген болатын. Ал «Пафос» «Олимпиакоспен» 0:0 есебімен тең ойнап, «Бавариядан» 1:5 есебімен ұтылған.