Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Астанадағы Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығына барып, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы жаңа жетістіктермен танысты.
Ақорда хабарлауынша, премьер-министрдің орынбасары әрі жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев AI-Driven Government ахуалдық орталығының тұжырымдамасын таныстырды. Бұл жүйе мемлекеттік үдерістерді басқару мен талдауға және GovTech шешімдерін қабылдауға арналған.
Екі президент сондай-ақ Smart City технологиялары, робототехника аймағы, және түрлі салаға жасанды интеллектіні енгізуге бағытталған «Самұрық-Қазына» қорының жобаларын көрген.
Мемлекет басшылары Astana Hub инновациялық кластерін де аралап көрді. Қазіргі таңда мұнда 1800-ден астам IT-компания мен стартап, соның ішінде шетелдік үлесі бар 460-тан астам компания тіркелген.
Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев халықаралық нарыққа шыққан қазақстандық IT-компаниялардың өнімдерін көріп, білді