Премьер-министр Олжас Бектенов жеке деректердің таралуы үшін жазаны қатаңдату қажет деп санайды. Бұл туралы ол Үкімет отырысында мәлімдеді.
«Деректер базасындағы азаматтардың дербес мәліметтерінің таралуы үшін жазаны қатаңдату қажет. Мұндай талап мемлекеттік органдармен қатар қаржы ұйымдарына, мобильді операторлар мен жеке бизнеске де қатысты болуға тиіс», — деді Бектенов.
Оның айтуынша, қазір елімізде телефон және интернет алаяқтықтары көбейіп жатыр. Олардың көпшілігі шетелдік нөмірлер және ұлттық жүйеде тіркелмеген құрылғылар көмегімен жүзеге асады.
«Сондықтан Жасанды интеллект және Ішкі істер министрліктері осындай заңсыз әрекеттерді тоқтатуды күшейтуі қажет. Балалардың цифрлық кеңістікте қорғалуын қамтамасыз ету үшін sim kids жобасының тәжірибесін кеңінен тарату қажет», — деді Үкімет басшысы.