Елімізде егін жинау науқаны аяқталуға жақын, Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінгі таңда 15,7 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 97,9%-ы жиналды. Нәтижесінде 26,3 млн тонна астық бастырылды.
Дәнді дақылдардан бөлек:
- ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 3 млн тонна майлы дақыл,
- гектарына 225,3 центнер өнімділікпен 2,9 млн тонна картоп,
- гектарына 305,1 центнер өнімділікпен 3,9 млн тонна көкөніс жинады.
Атап айтқанда,
- 331,7 ц/га өнімділікпен 492,4 мың тонна қырыққабат,
- 430 ц/га өнімділікпен 1047,7 мың тонна пияз,
- 296,4 ц/га өнімділікпен 380,7 мың тонна сәбіз жиналды.
Ауыл шаруашылығы министрлігі егін жинау науқанының ұйымдасқан түрде, агротехникалық талаптарға сай мерзімде өтіп жатқанын атап өтті.
Еске сала кетейік, биыл Солтүстік Қазақстан облысында рекордтық көлемде астық жиналғаны хабарланған болатын.