Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы бағаны тұрақтандыру механизміндегі олқылықтарды анықтады.
Бюджет қаражатына сатып алынған ауылшаруашылық өнімдердің көп бөлігі сауда желілеріне жеткізілмеген. Екі жыл ішінде өнімнің тек 19%-ы сатылған, ал 2021 жылдан бері алынған бірқатар өнім әлі күнге дейін нарыққа шықпаған. Баға төмен болған кезеңде картоп сатып алуға 5,1 млрд теңге бөлінген, бірақ баға көтерілген тапшылық кезеңінде тұрақтандыру шаралары қолданылмаған.
Кейбір өңірлерде қарыз шарттары орындалмаған, бірақ олар бірнеше рет санкциясыз ұзартылған. Мысалы, бір қарыз алушы 489 млн теңге алған, бірнеше рет мерзімін ұзартқан. 1,3 млрд теңгеден астам сомаға берілген басқа қарыздар да осылайша ұзартылған. Кейбір фирмаларға пайызсыз жеңілдетілген қарыздар берілген.
Агенттік тексеріс нәтижесінде бір әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияға 300 АЕК — 1,18 млн теңге айыппұл салды, басқа 8 ӘКК-лерге монополияға қарсы заңнама бойынша ескерту берілді.