Түркістан облысында әлеуметтік желілерде жарияланған бейнежазба полиция назарын аударды. Бұған дейін қымбат көліктерден құралған кортеждің жол ережесін өрескел бұзған сәті туралы жазған едік. Оқиға Сайрам ауданында болған.
Тексеру нәтижесінде полицейлер Toyota, Lexus және Daewoo Nexia маркалы төрт көліктің жүргізушілерін анықтаған.
«Жол белгілерінің талаптарын сақтамағаны және апатты жағдай туғызғаны үшін жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көліктер арнайы тұраққа қойылып, жүргізушілермен профилактикалық әңгіме жүргізілді», – деп мәлімдеді ІІМ баспасөз қызметі.
Полиция өкілдері жол қозғалысы ережелерін сақтау – әрбір жүргізушінің міндеті екенін, көліктің маркасы мен жүргізушінің әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, заң алдында бәрі тең екенін еске салды.