Алматыда Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубында әскери ант беру салтанаты өтті. Ант қабылдағандардың арасында жуырда Әлемнің екі дүркін чемпионы атанған Алуа Балқыбекова да бар.
«Погон тағып, Қарулы күштер қатарында қызмет ету – мен үшін үлкен мәртебе. Армия орталық спорт клубында қызмет ету спортта дамуға және Қазақстанды беделді халықаралық турнирлерде танытуыма мүмкіндік берді», – деді чемпион.
Айта кетейік, Алуа Балқыбекова биыл наурыз айында Сербияның Ниш қаласында өткен әлем чемпионатында 50 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанып, ал қыркүйекте Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өткен жарыста екінші алтын медалін иеленген.