Бразилияның солтүстік-шығысында жолаушылар автобусы аударылып, 17 адам қаза тапты.
Автобуста шамамен 30 жолаушы болған. Жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілген жолаушылардың саны әлі анықталған жоқ, деп жазды ABC News.
«Автобус 2025 жылдың 18 қазанында жол-көлік оқиғасына ұшыраған. Полицияның мәліметінше, автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, жол жиегіндегі тасқа соғылған. Содан кейін қайта жолға түскенмен, құм үйіндісіне соғылып, көлік аударылып кеткен», — деп жазды портал.
Оқиғаның себебі анықталып жатыр. Жүргізуші жеңіл дене жарақатын алды және тест нәтижесі оның ішімдік ішпегенін көрсетті.
Еске сала кетейік, қыркүйекте Мексиканың Атлакомулько қаласында қатты жылдамдықпен келе жатқан пойыз жолаушылар автобусы соғып, екіге бөлген болатын. Апат салдарынан 10 адам қаза тауып, 40 адам жараланған. Қорқынышты апаттың видеосы бақылау камераларына жазылып қалған.