«Қазгидромет» синоптиктері 2025 жылғы 20 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Елдің батысында жаңбыр, солтүстігінде қар жауады
Дүйсенбі күні еліміздің батысында жаңбыр, ал солтүстік пен шығыста жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады.
Сонымен қатар оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында да аздаған жауын-шашын болжанады.
Ал елдің қалған өңірлерінде күн ашық әрі жауын-шашынсыз өтеді.
Бірнеше өңірде жел күшейіп, тұман түседі
Синоптиктердің айтуынша, республика бойынша жел күшейеді, ал солтүстікте және оңтүстік-шығыстың таулы өңірлерінде тұман түседі.
Түнде Түркістан, Алматы және Қызылорда облыстарының таулы аймақтарында үсік жүреді.
Солтүстікте ауа температурасы нөлден төмен түсіп, -2°С-қа дейін төмендеуі мүмкін.
Өрт қаупі жоғары өңірлер
«Қазгидромет» дерегінше, 20 қазанда бірқатар облыста өрт қаупі жоғары болады:
Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Қостанай, Ақмола және Ұлытау облыстарының кей аймақтарында жоғары өрт қаупі болжанды; Ал Қызылорда, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында – өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталады.