Астана қаласында полицейлер рұқсатсыз еңбек етіп жүрген Нигерия азаматтарын анықтады.
Рейд барысында алты шетелдік ұсталды
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, «Нелегал» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде тәртіп сақшылары алты Нигерия азаматын ұстаған.
Олар рұқсат құжаттарынсыз және жеке куәліктерінсіз тұрғын үйлердегі жөндеу жұмыстарымен айналысқан.
Заң бұзғандар әкімшілік жауапқа тартылды
Полиция шетел азаматтары мен олардың жұмыс берушілеріне қатысты әкімшілік іс қозғалғанын хабарлады.
«Заңға сәйкес, мұндай құқық бұзушылықтар үшін айыппұл салынып, кей жағдайда елден шығару шарасы қолданылады», – делінген полиция хабарламасында.