Белгілі журналист әрі тележүргізуші Динара Сәтжан күйеуі Жұмабек Жанықұловпен бірге достарын жаңа үйіне қонаққа шақырып, оларға эксклюзивті экскурсия өткізді.
Жаңа үйдегі алғашқы қонақтар – Баян және Тұрсын Алагөзовтер
Кеш қонақтарының қатарында продюсер Баян Алагөзова мен Тұрсын Алагөзов, сондай-ақ дизайнер Аида Қауменова болған. Ерлі-зайыптылар достарына үйдің іші мен ауласын көрсетіп, ерекше қонақжайлылық танытқан.
«Достар – ең үлкен байлық! Жаныңда ақылды, қызықты адамдардың болуы – нағыз бақыт. Себебі осындай адамдармен бірге өсесің, күлесің және ең бастысы — өзің болып қала аласың!» – деп жазды Динара Сатжан Instagram-парақшасында.
Журналист оқырмандарына қонақтарды қарсы алуға қалай мұқият дайындалғанын да көрсетті.
Желі қолданушылары жылы тілектерін арнады
Желі қолданушылары тележүргізуші мен оның жұбайына ізгі тілектерін жаудырып, жазба астына жүздеген пікір қалдырды:
- «Баян мен Тұрсын сондай жарасымды жұп, кім айтар 50-де деп — ең көп 36-37 жастағыдай көрінеді!»
- «Динара, шаңырағыңызда әрдайым береке болсын! Осындай позитивті сәттерді жиі бөлісіңіз».
- «Жаңа үйіңізде тек қуаныш пен күлкі көп болсын!»
- «Осындай әдемі, заманауи үйлер көп болсын елімізде!»